{metadescription}
ВИДЕО: Қарсы бағытта көлік жүргізіп мақтанған Назар Роллан қамауға алынды

ВИДЕО: Қарсы бағытта көлік жүргізіп мақтанған Назар Роллан қамауға алынды

Жол ережесін өрескел бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан алматылық Назар Роллан 7 тәулікке қамалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бостандық аудандық ІІБ полиция қызметкерлері  жол ережесін өрескел бұзып, айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіргені үшін 1998  жылы туған Н. Ролланға қатысты әкімшілік шара қабылдады. Ол бұған дейін Әл-Фараби және Мұстафин көшелерінің бойынша жол жүру тәртібін бұзып, жауапкершілікке тартылған болатын.  Ол Әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша тәртіптік жазаға тартылса да, одан қорытынды шығарған жоқ. Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  шешімімен бұзақылық ісі бойынша Н. Роллан 7 тәулікке қамауға алынды. 

Еске сала кетсек, қарсы бағытқа шығып көлік айдаған жүргізушінің видеосы әлеуметтік желілерде көпшіліктің ашу-ызасын тудырғаны белгілі.

Кейін даңғой жүргізушіні қалалық полиция ұстап, шара қолданған. Алматы қаласының Әл-Фараби көшесінде жол ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жігіт өзінің істеген ісіне өкінетіндігін айтып видео жариялаған еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.