Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде 10 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шаш шықты
Асқазанға жиналып қалған, қорытылмайтын бөгде заттар медицина тілінде безоар деп аталады.
08:43 10.10.2018
Ана мен бала орталығының хирург-дәрігерлерін 10 жастағы қыз баланың асқазанындағы ұйысқан шаштың көлемі таң қалдырды. Кішкене қыз бала ауруханаға асқазан тұсындағы қатты ауырсыну белгілерімен түскен екен. Хирург Есен Шоқаев пен оның көмекшісі Степан Изнаиров баланың асқазанындағы бөгде затты ота арқылы алып тастапты.
Асқазанға жиналып қалған, қорытылмайтын бөгде заттар медицина тілінде безоар деп аталады. Мұндай патология неврологиялық ауытқулары бар балаларда жиі кездеседі. Қобалжып, күйгелектенгенде олар шаштарын шайнап, бірнеше талын жұтып қоятын көрінеді. Осылайша шаш асқазанға жиналып, уақыт өте келе, байпақ не пима тәріздес күйге жетеді екен.
Дәрігер мамандар ата-аналарды балалардың шаш шайнау секілді әдетіне назар аударуға шақырады. Егер мұндай әдет байқалса, баланың асқазанын ультардыбыстық зерттеуден өткізген жөн. Асқазанынан шаш алынған қыз баланың қазір жағдайы жақсарып қалыпты. Дәрігерлер оның жуықта ауруханадан шығатынын айтып отыр.
Дереккөз: altaynews
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram