{metadescription}
Курстасынан жүкті болған студент асылып өлді

Курстасынан жүкті болған студент асылып өлді

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Термез қаласында курстасынан жүкті болып қалған 17 жастағы коллерж оқушысы үйінің ауласында асылып өлді.

Колледж оқушысы 22 қыркүйекте үйінің ауласындағы қорада асылып қалған.

"Қызымның жүктіліге екі ай болған. Ол масқара болғысы келмеді. Баланың әкесі жоғалып кетті. Мен әйелім мен әпкеме қызды жігіттің үйіне апарып тастауын сұрадым. Олар солай жасады. Бірақ жігіттің туыстары аяғы ауыр қыз керек емес деген. Біз оны екі мәрте сол үйге жібердік, бірақ олар қызды үйге қайтарып жіберді. Содан кейін қыз осындай әрекетке барған", - деді марқұмның әкесі.

Махалла белсенділері қыз бен жігітті үйлендіруге тырысқандарын айтты.

"Жігіт ол қызға үйленгісі келді, бірақ әкесі қарсы болды. "Аяғы ауыр қыз менің табалдырығымды аттамайды" деп тұрып алды", - деді ауыл белсендісі.

Термез қаласының ішкі істер бөлімі 17 жастағы қыздың жүктілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалмайын 18 жастағы жігіттің әрекетінде қылмыс құрамы болмағанымен түсіндірген.

Дереккөз: centralasian.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде