{metadescription}
Экологтар Өскеменде жауған күлдің қайдан пайда болғанын анықтай алмады

Экологтар Өскеменде жауған күлдің қайдан пайда болғанын анықтай алмады

Экология қызметкерлері сол сәтте күлді тексеруге алып кеткен болатын.

Естеріңізде болса, екі апта бұрын Өскемендегі Питер коммунарлары көшесіне аспаннан күл жауды. Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте.

– Біз күлді қатаң түрде, Май зауытынан шығатын күл қалдығымен салыстыра отырып тексердік. Нәтижесінде екеуі екі бөлек болып шықты. Бұл көшедегі күлге кәсіпорынның қатысы жоқ, – дейді Ерлан Тасбаев, облыстың бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.

Бас экологтың айтысынша, жауған күл адамға да, жануарға да зиянсыз. Ол қайта 6 сағатта жерге сіңіп, өсімдіктің сабағын тыңайтады екен. Бірақ табиғат қорғаушылары жауған күлдің қайдан, қалай пайда болғандығын анықтай алмапты.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

20 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде