{metadescription}
Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті.

Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады), деп хабарлайды Қазгидромет РМК. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз ауа температурасы 3-10 градусқа дейін төмендейді.

Астанада да 12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді. 11 қазанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.   
<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->

 

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде