{metadescription}
Головкин WBC рейтингінде бірінші орын алды

Головкин WBC рейтингінде бірінші орын алды

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз дивизионының рейтингінде көш бастап тұр.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде өз орнын сақтап қалды. Ұйым әртүрлі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. 

Сонымен, орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз дивизионының рейтингінде бірінші орында тұр. Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегінде жеңіліс тауып, бүкіл чемпиондық титулынан айырылған болатын.

Геннадий Головкин алғашқы жеңілісінен кейін отанына оралды. Айтар болсақ, GGG жеңілсе де, жанкүйерлерінің ықыласынан кенде қалған жоқ, қазақстандықтар Головкинді әлі қолдау көрсетіп келеді. Елорда тұрғындары Геннадийге арнап өлең де оқып берген.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.