{metadescription}
Роза Абитова көркем гимнастикадан күміс жүлде алды

Роза Абитова көркем гимнастикадан күміс жүлде алды

Буэнос-Айресте көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды.

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, ақтық сынға өткен сегіз гимнастың қатарына ену үшін Розаға 0,50 ұпай жетпей қалды. Десе де, Роза күтпеген жерден күміс жүлдегер атанды. 

Ұйымдастырушылар спортшыларды сырттай командаларға бөліп, халықаралық құрам жасақтаған. Роза енген команда ұпай саны бойынша екінші орыннан көрінді. 

"Роза финалға өткен жоқ. Небары 0,50 ұпай жетпей қалды. Бірақ біздің спортшы үшін бұл үлкен мүмкіндік әрі тәжірибе болды. Әрі қарай шыңдалуына серпін беретін жарыс екені сөзсіз. Ал ұйымдастырушылар күтпеген жерден тосынсый жасап, балалардың барлығына медаль үлестіруге тырысты. Розаның командасы күміс жүлдегер атанды", - дейді көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бапкері Лола Әділханова. 

 

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде