{metadescription}
ШҚО-да бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды

ШҚО-да бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды

ШҚО-дағы«Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының бұрынғы директоры 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ол 2008 – 2015 жылдар аралығында аталмыш филиалда заңгер, одан соң директордың орынбасары, директор болып істей жүріп ұйымдасқан қылмыстық топ құрып  ауыл тұрғындарына несие беру үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырып келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

5 адамнан тұратын қылмыстық топ жалған кепілдік мүлік келісім шарттары негізінде жалған несиелік құжаттар жасау арқылы Үржар, Көкпекті, Бороудлиха аудандарының және Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарына несие беру туралы шешім шығарған. Қылмыстық топ қаржыны несие алушы тұрғындардың атына аударып отырған. Несие алушы тұрғындар “сыйақы” ретінде ол қаржының шағын бөлігін  қылмыстық топ мүшелері арқылы қор филиалы директорына беріп отырған.

К-ның қылмыстық әрекеттерінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына 67 миллион 510 мың 867 тенге, тұрғындарға 24 миллион 300 000 теңге материалдық шығын келтірілген. Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бұрыңғы директоры К.  лауазымдық өкілдігін асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып алаяқтық әрекеттер жасап, мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Осыдан бірнеше күн бұрын шығарылған сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.