{metadescription}
Шымкентте жол апатынан 7 адам зардап шекті

Шымкентте жол апатынан 7 адам зардап шекті

Екі автокөліктің жүргізушілері оқиға орнынан Шымкенттің ауруханасына жатқызылды.

Апат қазанның 9-ынан 10-ына қараған түні болған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

«Бірқатар сараптамаларды тағайындады. «Mercedes» пен «Toyota Camry» соқтығысып, салдарынан 2 жүргізуші мен 5 жолаушы ауыр жараланды. Олардың барлығы Шымкент қаласының жедел жәрдем ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергу жүргізіліп жатыр», - дейді Шымкент қаласы ІІД-нің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары мен тергеушілер жұмыс істеді. Куәгерлердің айтуынша, автомобильдерді қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес.

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде