{metadescription}
Екі қолынан айырылған оқушы тыныс алу аппаратына қосылды

Екі қолынан айырылған оқушы тыныс алу аппаратына қосылды

Ақтөбеде Шалқар қалалық мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы токқа түсіп, екі қолынан айырылды.

Баланың анасы мектеп әкімшілігінің салғырттығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбеде 4-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде жатыр. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ота жасап, балдырғанның екі қолын иығынан кесіп тастады. Себебі, 10 мың вольттық трансформатор қас-қағым сәтте сүйекті күйдіріп жіберген. 

«Барған кезде балам бақырып жылап жатты. Алғашында мені жақындатпады. Екі қолы күйіп, сүйегі күлге айналған. Киімдері де түгел күйіп кетіп, дәрігерлер шешіндірді. Сөйтіп Шалқар қаласында екі күн бойы жатып, санавиациямен орталыққа әкелді. Балам тірі, екі қолы аман қалмайтыны бірден көрініп тұрды. Балам есін біледі, бәрін сұрап, іздеп жатты»,- дейді оқушының анасы Гүлмира Фактулина.

Оқушының анасы баласының күйіп қалғанына мектеп әкімшілігін кінәлап отыр.

«Баламның қолы жоқ болса да, өзі бар. Аман қалмаса не істер едік? Қазір транформатордың жан-жағын қоршап, жауып қойған. Ол жер үнемі бақылауда болуы тиіс еді»,- дейді Гүлмира Фактулина.

Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы отадан соң баланың жағдайы ауыр деп отыр. «Бұл - ауыр ота. Сондықтан бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір жағдайы тұрақты ауыр. Біз 9 жасар баланы үнемі бақылап отырмыз»,- дейді аурухананың анестезиолог-реанимотологы Елена Андреева.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.