{metadescription}
Микроавтобус жол апатына ұшырап, 13 адам көз жұмды

Микроавтобус жол апатына ұшырап, 13 адам көз жұмды

Чувашия Республикасында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан құрбан болғандар саны 13 адамға жетті.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды. Агенттік тартқан мәліметтерге қарағанда, құрбан болғандар туралы мәліметтерді медицина ұйымдарындағы дереккөз таратқан.

«Жалпы мерт болғандар саны 13 адам»,-дед ол.

Дереккөздің мәліметтерінше, ауруханаға 7 адам жеткізілген, олардың 4-уінің жағдайы ауыр. Тағы біреуінің денсаулық жағдайы орташа. Тағы екеуі жеңіл жарақат алған. Микроавтобустың бір жолаушысы мен жүк көлігінің жүргізушісіне абмулаториялық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша, зардап шеккендер саны 10 адам.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметтері бойынша, үш адамның жағдайы мүшкіл. Олар Чебоксары қаласының ауруханасына жеткізілген. Ресейдің жол тәртібін қадағалау органдарының баспасөз қызметі микроавтобус пен жүк көлігінің жүргізушілерінің аман екендігін айтты.

Мемлекеттік автоинспекция оқиға орнына өзінің қызметкерлерін жіберген. Ресми мәліметтер бойынша, көлік апаты М-7 трассасының 647-ші шақырымында болған. Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккендердің барлығы көліктерден шығарылғандығы айтылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде