{metadescription}
Өскеменде ер адам итті құтқару үшін мұздай суға секірген

Өскеменде ер адам итті құтқару үшін мұздай суға секірген

Өскемендік жігіт Бұқтырма су қоймасында батып бара жатқан итті құтқарып қалды.

Оқиға 7 қазанда болған. Кирилл Павловский достарымен бірге демалуға қайықпен шыққан. Кенеттен ер адамдар су қойма ортасында біреудің батып бара жатқанын көріп, жақындап қараса ит екенін аңғарған. 

«Өзімізбен бірге екі итті алып шықтық. Бірден біздікі емес па деп артыма қарасам екеуі де қасымызда. Су ортасында иттің бір сағатан аса уақыт бойы шыға алмай жатқаны көрініп-ақ тұрды. Жақындап жүзіп келсем, құтқарғаным үшін алғыс айтып тұрғаны көзінен көрініп тұрды. Мені аяқтарымен құшақтап алып, бірге қайыққа дейін жүзіп бардық. Бір сағаттай дірілдеп, өзіне әрең келді», - дейді Кирилл.  

Кирилл өзінің орнында кез келген адамның осылай жасайтынына сенімді. Су қоймасының ортасына иттің қалай тап болғаны белгісіз. Алайда Кириллдің айтуынша, ит өз бетімен мұнша алыс шақырымға дейін жүзе алмайды. Ол қайықтан өзі секіріп кетуі немесе әдейі оны лақтырып жіберуі мүмкін деген болжам айтылды.

Қазір жануар «Преданное сердце» ұйымын паналап жатыр. Итке Лаки - жолы болғыш деген лақап ат қойған. Енді құтқарушылар жануардың тағы жолы болып иесі немесе оны өзіне алғысы келетін жандар табылады деген үмітте. 
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде