{metadescription}
Ақтөбеде адам өлтірген «Алтын белгі» иегеріне үкім шықты

Ақтөбеде адам өлтірген «Алтын белгі» иегеріне үкім шықты

Ақтөбеде кәмелетке толмаған Азат Дүсіповті пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 9-тармағына сәйкес, соттың үкімімен 9 жылға сотталды. 

Еске сала кетейік, № 19 мектептің оқушысы Азат Дүсіпов 17 маусымда футбол ойынан кейін өлтірілген болатын. Азаттың достарының айтуынша, зардап шегуші де, күдікті де сол күні Орталық стадионда болған, алайда бірін-бірі танымаған. Екеуінің арасындағы дау түнгі сағат он екіде Түрген көшесінің бойындағы жатақхана ғимаратының артында болған.

Пышақ жарақатынан №19 орта мектептің түлегі Азат Дүсіпов аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты. Сотқа дейінгі талдау кезінде айыпталушының қорғаушылары қаза болған Азат Дүсіповтің ата-анасынан кешірім сұрады. Ал негізгі сот отырысы кезінде екі жігіт арасындағы Жанжал би алаңында басталғаны белгілі болды.

Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 19:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде