{metadescription}
ШҚО-да көпқабатты үй өртеніп, 70 адам эвакуацияланды

ШҚО-да көпқабатты үй өртеніп, 70 адам эвакуацияланды

Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, екі адамды күйік шалды.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға Рудный қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде болған, деп хабарлайды Қазақпарат.  

"5 қабатты тұрғын үйдің жертөле қабатындағы электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде өрт шыққан. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері мен 4 арнайы техника жұмылдырылды", - деді  ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар 70 адамды оқшау жерге көшірді. Оның ішінде 20 бала болды. Күйік шалған екі адам құтқарылды.

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде