{metadescription}
Көлік тізгіндеген әйел түшкіремін деп оқушыны қағып кетті

Көлік тізгіндеген әйел түшкіремін деп оқушыны қағып кетті

Қайғылы оқиға Қырғызстанның Шу облысы, Қара-Балта қаласында орын алған.

Көлік айдап келе жатқан әйел түшкіремін деп, 12 жастағы оқушы қызды қағып кеткен.  Daewoo Matiz көлігін мінген 32 жастағы әйел жол-көлік оқиғасына бейсенбі күні 12:30 шамасында түскен. Көлікті тізгіндеген 32 жастағы әйел түшкіремін деп, рөлді басқара алмаған екен.

«Әйел көлік рөлінде отырғанда алдында келе жатқан екі оқушыны байқаған. Дәл сол сәтті бірнеше рет түшкіремін деп, көлікті басқара алмай қалыпты. Нәтижесінде қыздардың бірін қағып, өзі талға барып соқтығысқан», — дейді Шу облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Қазір көлік қаққан қыз бен рөлде болған әйел ауруханада жатыр. Оқушының маңдайы жарылып, миы шайқалған. Ал жүргізушінің көкірек қуысы зақымданыпты. Іс материалдары тергеу бөліміне жіберіліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.