{metadescription}
Бүгін Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді

3 қазанда ел аумағының басым бөлігінде  жауын-шашын болады, тек республиканың оңтүстік-батысында ғана күн ашық.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20,  кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, екпіні 23-28  м/с, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады.  

Павлодар облысының басым бөлігінде  желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз  жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде