{metadescription}
Диас Бахриддин жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Диас Бахриддин жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Диас Бахриддин Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында каноэ есуден чемпион атанды.

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, іріктеу кезеңінде Диас мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды. Жартылай финалда ол мажарстандық Балаза Палладан озды. Палланың уақыт көрсеткіші - 1:57.04, Диастың нәтижесі - 1:54.66. 

Финалда ол өзбек спортшысы Исломжон Абдусломовпен алтынға таласқан болатын. Тартысты өткен жарыста Диас 1:54.66 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді. Абдусаломовтың уақыт көрсеткіші - 1:55.17.

«Өздеріңіз көргендей жарыс өте қиын болды. Дегенмен жеңіске жеттік. Финалда бар күшімді жинап, жеңіске жетуге тырыстым. Өзбекстандық қарсыласым мықты спортшы. Талай бәсекелерде жарысып жүрміз. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарындағы медалім спорттық мансабымдағы басты жетістігім. Ел қоржынына медаль салғаным үшін өте қуаныштымын», - деді каноэ есуден жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахриддин.

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде