{metadescription}
Солтүстік пен Орталық Қазақстанда қар жауды

Солтүстік пен Орталық Қазақстанда қар жауды

Солтүстік пен Oрталық Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында алғашқы қар түсті.

Мамлют, Есіл және Тайынша аудандарының тұрғындары бүгін таңертең трғанда терезелерінен қар басқан көшелерді көрді. Термометр бағаны 2 градус суықты көрсетуде.

Бүгін аймақта әуелі оңтүстік-батыстан соғатын жел кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Кей жерлерде жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 3-10 градус жылы болады.

Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында да қар жауды. Жергілікті тұрғындар табиғаттың тосын мінезін бейнежазбаға түсіріп алған. Oрталық Қазақстан қар кешірек - қазан айының соңында, көбіне қарашада жауатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде