{metadescription}
Садриддин Ахмедов қарсыласын 57 секундта нокаутқа түсірді

Садриддин Ахмедов қарсыласын 57 секундта нокаутқа түсірді

20 жастағы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтады.

Орта салмақта жұдырықтасатын 20 жастағы отандасымыз  кезекті жекпе-жегін Монреальда (Канада) өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Хавьер Хесус Мендоса (7-5-1, 6 КО) болды. Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын. Садриддин қарсыласын 1 минутқа жеткізбей техникалық нокаутпен жеңіп шықты. 2

0 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Төрт кездесуінде де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Кәсіпқой боксқа осы жылы қадам басқан болатын. Садриддин Ахмедов әуесқой деңгейде 2016 жылы әлем чемпионы атанған боксшы. Кәсіпқой бокстағы төрт кездесуін де Канада жерінде өткізді.

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Бұл компанияда Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), Абылайхан Хұсаинов (9-0, 6 КО) және Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) сынды қазақ боксшылары бар. Монреальдағы бокс кешінде Абылайхан Хұсайнов та шаршы алаңға шықты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте мексикалық Хесус Лагунаны 2:54 минутта нокаутқа түсірді.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде