{metadescription}
ШҚО-да жер сілкінді

ШҚО-да жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісін тіркеген.

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 13 қазанда 15 сағат 55 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 602 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.6. MPV тербелісі - 3.8. Тереңдігі - 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Үржар елді мекенінен 55 шақырым жерде тіркелді. 

Айта кетейік, 10 қазан күні Алматы қалалық ТЖД биофизик Виктор Инюшиннің жер сілкінісі болады деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.