{metadescription}
Мұнай құбыры жарылысынан 24 адам көз жұмды

Мұнай құбыры жарылысынан 24 адам көз жұмды

Нигерияның оңтүстік-шығысында Абия штатындағы мұнай құбыры жарылысынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен 2.50-те (шамамен 7.50-ға жуық) болған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары көз жұмған 19 адам туралы жазған.

Punchng басылымының жазуына қарағанда, 14 адам Умуимо елді мекенінде, тағы 10 адам Умудуруда көз жұмған. Бастапқы мәліметтерге сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде жоғары қысымды құбырдан мұнай ағып кеткен. Кейін ол жерде алапат өрт шыққан. 

Нигерияда газ құбырындағы жарылыс оқиғалары жиі кездеседі. 2006 жылдың мамырында Лагос шығысындағы газ құбырында 150-ге жуық адам жараланған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде