{metadescription}
Алматыдағы марафонда 18 жастағы студент қайтыс болды

Алматыдағы марафонда 18 жастағы студент қайтыс болды

Алматыда жартылай марафон кезінде Санкт-Петербор гуманитарлық кәсіподақ университеті Алматы филиалының студенті астаналық Максим Королев көз жұмды. 

Куәгерлердің сөзіне сенсек, Абай көшесімен жүгіріп келе жатқан студент мәреге бір кварталдай қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмған уақытын белгіледі. 

Дәрігерлердің айтуынша, өлім себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Ұйымдастырушылар марқұмның туысқандарына хабарласып, көңіл айтты. Ата-анасына Алматыға жетуіне көмек көрсетті. Оның жанкүйері ретінде қасында болған топтастарының айтуынша, қаза болған студент ҚР-ның «Күрес және жауынгерлік самбо» бойынша спорт шебері кандидаты және кросс бойынша өткен қалалық спартакияданың жүлдегері (І орын) болған.

«Бірінші болу - батылдық» бірлескен қорының директоры Салтанат Қазыбаева жарыс кезінде ІІД қызметтері және жедел жәрдем стансасымен бірлесіп барлық бағдарлар қашанда мұқият қарастырылатынын айтты. Әрбір тамақтану орнында алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті позициялар орналастырылады.

«Ендігі осы қайғылы оқиғадан кейін біз спортшылардың жарысқа қатысу талаптарын күшейтеміз», - деді С.Қазыбаева.  

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде