{metadescription}
СҚО-да өрттен 4 жасар сәби көз жұмды

СҚО-да өрттен 4 жасар сәби көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Шалқар ауылында үй өртенді.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан 4 жастағы бала қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жергілікті тұрғындар өрт сөндірушілер жеткенше баланың денесін өртке оранған үйден алып шыққан. Тағы үш бала үйден шығып үлгерген.

Өрт тұтанған кезде 12 жастағы бала сыртқа шығып үлгерген. Ол анасымен бірге бөлмелердің бірінің терезесін сындырып, 8 және 10 жастағы қыздарды құтқарған. Ал 4 жасар баланы табуға қара түтін мен лаулаған жалын кедергі жасаған. Құтқарушылардың айтуынша, үй иесі жұмысқа кеткен, әйелі балалармен бірге үйде қалған. Аз уақытқа үйден шыққан әйел қара түтінді көзі шалған. Үймен бірге Opel Vectra машинасы, «УРАЛ» мотоциклі, тағы басқа мүліктер өртеніп кеткен.

«Оқыс оқиға туралы хабардың кеш түсуі, елді мекеннің ең жақын өрт сөндіру бөлімшесінен қашықта орналасуы, ауа райы - жағдайды қиындатқан. Жалын 144 шаршы метрді шарпыған. 3 газ баллоны эвакуацияланды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

Болжамдарға қарағанда, өрттің тұтануына пештің қамыс қабырғаны шектен тыс қыздыруы себеп болған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде