{metadescription}
Вокзалда белгісіз біреулер адамдарды тұтқынға алды

Вокзалда белгісіз біреулер адамдарды тұтқынға алды

Германияның Кельн қаласының орталығында белгісіз біреулер адамдарды кепілдікке алып, ұстап отыр.

Бұл туралы қалалық полицияның Twitter парақшасында хабарланды.

"Бреслауэрплац алаңында адамдар тұтқынға алынды. Полиция күштері оқиға орнына келді және мән-жайды анықтап жатыр", - делінген полицияның Twitter желісіндегі парақшасында. 

БАҚ көздеріне сүйенсек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен төтенше қызмет шұғыл оқиға орнын келіп, мән-жайды анықтап жатыр. Куәгерлердің кейбірі оқ атылғанын хабарлады, бірақ  полиция бұл деректі әзірге растаған жоқ. Болған оқиға салдарынан вокзал эвакуацияланып, пойыздар кешігіп жатыр, деп мәлім етті теміржол өкілі. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.