{metadescription}
Microsoft компаниясының негізін қалаушы Пол Аллен көз жұмды

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Пол Аллен көз жұмды

Microsoft компаниясының құрылтайшысы Пол Аллен 65 жасында қайтыс болды.

Кәсіпкердің отбасы онкологиялық аурулардың асқынуына байланысты қайтыс болғанын хабарлады. Қазан айында Пол Алленге ходжкиндік емес лимфомасы диагнозын қойған болатын.

Америкалық кәсіпкер Пол Аллен 1975 жылы Билл Гейтспен бірігіп, Microsoft компаниясын құрған. 1983 жылы Аллен Microsoft компаниясынан акцияларды сақтап, 2000 жылға дейін директорлар кеңесінде қалған Билл Гейтспен жанжалдан кейін кетіп қалды.

Ол – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания. 2018 жылы Аллен 20,5 миллиард доллар байлығымен Forbes журналында 44-орын алған.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.