{metadescription}
Футболшыны ойын кезінде анасының қайтыс болғанын естіді

Футболшыны ойын кезінде анасының қайтыс болғанын естіді

Қайғылы жағдайда тұрған жігітке жанкүйерлер қолдау білдірді.

11 қазанда Ирак пен Аргентина құрама командаларының арасында жолдастық кездесу өтіп, Ирак командасы 0:4 есебімен жеңілді. Бұл кеште Ирак құрамасының басты жұлдызы - 21 жастағы жартылай қорғаушы Башар Ресен суық хабар алды.

Ойынның 70-минутында оған анасының қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Команда басшылығы футболшы ауруханаға тез арада жеті үшін оны ауыстыру туралы шешім қабылдады. Алаңда Ресенге екі құраманың жанкүйерлері қолдау көрсетті. Башар Иранның жоғарғы лигасында "Персеполис" клубы үшін ойнайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде