{metadescription}
Мақта теру кезінде бір адам қайтыс болды

Мақта теру кезінде бір адам қайтыс болды

15 қазанда Өзбекстанның Әндіжан облысындағы мақта алқабында 56 жастағы Орифжон Солиев қаза тапты.

Куәгерлердің айтуынша, Солиев мақта теруге шыққан бірінші күні жүрегі ауырып, қаза тапқан. Қайғылы оқиға 15 қазанда болған.

"Біз көрші егістікте мақта теріп жүргенбіз. Шамамен таңғы сағат 10.00 болатын. Мен Орифті жақсы танушы едім. Ол Пахтаабад ауданында қаржы бөлімінде күзетші болып жұмыс істеген. Мақта теруге оларды мәжбүрлеп 14 қазанда әкелді. Келесі күні алқабқа шықты. Мақта теріп жүрген кезінде жүрегі бірден әлсіреп кетті. Жедел-жәрдем шақырдық. Бірақ дәрігерлер келгенше, көз жұмды. Дәрігерлер жүрек талмасынан қаза тапқанын анықтады", – дейді марқұмның жолдасы.

Дәрігерлер Орифжон Солиевтің денесін сот-медициналық сараптамаға жібергенін хабарлады. Бұл Өзбекстанда биылғы мақта теру кезінде адам шығыны болған бірінші оқиға емес. 10 қазанда 61 жастағы Ташкент облысының тұрғыны Юлдаш Ашуров та мәжбүрлі мақта теруге жіберу кезінде, жүрегі әлсіреп, қаза тапқан.

Дереккөз: centralasian.org

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде