{metadescription}
Ақтауда анасы 9 жастағы ұлын өлтірді

Ақтауда анасы 9 жастағы ұлын өлтірді

Әйел баласын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген.

Қайғылы оқиға 14 қазан күні 5-ші шағын ауданның №3 үйінде орын алған. Анасы тоғыз жастағы баласының аяқ-қолын батареяға байлап, артынша оны қылқындырған, деп жазады Lada.kz. Бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқыған.

«Ол күйеуінен ажырасып кеткен. Алайда әкесі баласын жиі көріп тұрды. Соңғы екі айда ол өзін өзгеше ұстады. Мектепке барып шу шығарып жүрді», - деді күдіктімен таныс әйел.

Полиция әйелді қылмыс үстінде ұстаған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады және ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ. Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, №7 мектеп-лицейде бұл ақпарат тарамаған. Оқу орнының директоры Гүлден Иманғалиева барлық қажетті ақпаратты құқық қорғау органдарына тапсырғанын хабарлады. Оқиға туралы Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне ресми сұрау жіберілді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде