{metadescription}
Порноактриса Трампты сотқа берді

Порноактриса Трампты сотқа берді

Нью-Йорктің федералдық судьясы Джеймс Отеро порножұлдыз Сторми Дэниелстің АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы жала жапты деген шағымын қабылдамады.

Судья сөз бостандығына кепілдік беру жөніндегі Конституцияның 1-бабына сәйкес, Трамп Дэниелсті твиттер арқылы келемеждеуге құқығы бар деп тапты. Дэниелс болса, шын мәнінде Трамппен интимді байланыс болғанын, ал ол болса өзін жала жапты деп өтірік айтып жатыр дейді. Мұнан бөлек Дэниелс президенттің өзіне сес көрсеткенін айтады.

Биыл наурыз айында Сторми Дэниелс өзімен жыныстық қатынас болғанын жарияламауды бұйырды деп, Трампты сотқа берген. Оның сөзінше, Трамптың адвокаты Майкл Коэн 2016 жылы оған "ауыз бастырық" ретінде 130 мың доллар төлеген екен. Кейін ол CNN арнасына өзіне қауіп төніп тұрғанын жариялаған. Трамп болса, мұны "жасанды қойылымға" теңеген. "Ақымақтар үшін фейк-ньюспен айналысатын нашар жұмыс",- деп жазған ол твиттерге. Трамптың жазбалары үшін Дэниелс оны сотқа берген еді.

Дереккөз: centralasian.org

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.