{metadescription}
Желаяқ Усэйн Болтты Аустралия футбол клубына шақырды

Желаяқ Усэйн Болтты Аустралия футбол клубына шақырды

Қазіргі таңда ямайкалық Аустралия клубында ойнайды.

Жүгіруден Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт Мальтаның "Валлета" клубынан шақырту алды, - деп хабарлайды ESPN. Клубтың басқарушы директоры Гастон Слимен Олимпиада чемпионымен желтоқсанда өтетін Мальта суперкубогына дейін келісімшарт жасасуға үмітті екенін айтты. Болтқа екі жылдық келісімшарт ұсынылды, ал оның қаржылық шарты жарияланбады.

"Валлететде" чемпионды көруге әрдайым қуаныштымыз және мүмкін емес ештеңе жоғына сенеміз", - деп атап өтті Слимен. 

"Валлета" алдағы бірнеше жылда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту мақсатын қойып отыр. Қазіргі таңда Болт аустралиялық "Централ Кост Маринерс" сапында. Ал 12 қазанда ол кәсіпқой карьерасында алғашқы голын салды. Усэйн Болт сегіз рет Олимпиада және 11 рет әлем чемпионы атанған.  Ол 100 (9,58 секунд) және 200 метрге (19,19 секунд) жүгіруден әлем рекордтарын орнатқан.   

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде