{metadescription}
СҚО-да балықшы көлге батып кетті

СҚО-да балықшы көлге батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балық аулап жүріп, суға батып кетті.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Мамлүт ауданы Белое ауылындағы Жагрино көлінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 50 жастағы ер адам су айдынына құтқару құралдарынсыз келген. Құтқарушылар оның денесін келесі күні тапты. Құтқарушылардың айтуынша, күзде балық аулауды жақсы көретіндер қайық пен тор қолданады, бірақ құтқару жилеттерін киюді ұмытып кетеді.

«Олар қайықтың аударылуы немесе оның тесілуі салдарынан суға құлап, су түбіне тартатын киімдерін жылдам шешіп үлгермей қалады. Әрбір балықшы үнемі абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс», - деп атап өтті жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Виктор Держанский.

Жыл басынан бері балық аулап жүріп, судағы төтенше жағдай салдарынан 3 солтүстікқазақстандық мерт болған.    

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде