{metadescription}
ВИДЕО: Қараңыз, депутаттар сұрақтарына робот жауап беріп жатыр

ВИДЕО: Қараңыз, депутаттар сұрақтарына робот жауап беріп жатыр

Пеппер есімді андроид британдық парламент депутаттарымен кездесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Төртінші өндірістік революцияда жасанды интеллекттің рөлі қандай? 

Робот - резидент, яғни Миддлсекс университетінен шақырылған қызметкер. Білім беру комитетінің басшысы Роберт Холфон роботты әріптестеріне осылай деп таныстырды.

Пеппер Жапония және Еуроодақ мамандары құрған жобаның алдына қойған міндеттерін айтып берді.

"Мақсат - менің мүмкіндіктерімді кеңейту және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпашылықты азайту. Жоба тәуелсіздік деңгейін көтеріп, жалғыздықты еңсеріп, қарт адамдардың өмір сапасын жеңілдетуге негізделген".

Робот алдын ала дайындалған сұрақтарға құрастырлған жүйелі жауаптарын берді. Депутат Джеймс Фрит одан жасанды интеллектің білім беруде қандай рөл атқаратынын сұрады. 

"Студенттер мені әр түрлі аудиториямен қатынаса білуіме жағдай жасаған. Мысалы, Джоана екеуіміз ерекше қажеттілікті талап ететін жасы кіші оқушыларды есепке үйретуге менің интерфейсімді икемдеп қойдық." 

Кезесуден кейін депутаттар роботтың "үкіметтің кейбір министрінен де артық" екенін атап өтті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде