{metadescription}
Әжесінің мәйітінің күлінен печенье жасап, сыныптастарын тамақтандырған

Әжесінің мәйітінің күлінен печенье жасап, сыныптастарын тамақтандырған

АҚШ-тың Калифорния штатында Леонардо да Винчи атындағы орта мектептің оқушысы қайтыс болған әжесінің мәйітінің күлінен печенье жасап, онымен сыныптастарын тамақтандырған.

Ендігі полиция қызметкерлері қыздың мұндай әрекетіне не себеп болғанын анықтауда.

Оқушы қыздың жасаған печеньесін кемінде 9 оқушы жеп үлгерген екен. Артынша қыз бұл туралы басқа оқушыларға айтқан. Осылайша печеньені жеген сыныптастар оның құрамы туралы сұмдықты біліп қояды. Ал бұл ақпарат мектеп әкімшілігіне жеткенде, олар балалардан болған жайт туралы ата-анасына айтпауын сұрап, қағаз жаздырып алған, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Десе де оқушылардың ата-анасы сұмдық жайт туралы біліп қойған. Олар оқушы қыздың ғана емес, оқытушылардың да әрекетіне ашуланды. Артынша ата-аналар болған оқиға  туралы полицияға хабарлап, өз кезегінде олар тергеу амалдарын бастады.

«Миым жарылып кетердей болды. Қайран қалғаным сонша, маған ескертпегені үшін көңілім қалды», – дейді оқушылардың бірінің анасы.

Қазіргі уақытта тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр. мәйіттің күлінен жасалған печеньені жеген оқушылардың ешбірінің денсаулығына зиян келмеген. Ал оларға келген моральдық зиянды психолгтар бағалайтын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде