{metadescription}
Елордада менингитпен түскен 8 баланың жағдайы туралы

Елордада менингитпен түскен 8 баланың жағдайы туралы

Дәрігерлер елордада менингитпен түскен 8 баланың жағдайы туралы айтты.

Астана қаласының Балалар инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Сәуле Нұрашева елордада менингитпен түскен балалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда балалар инфекциялық ауруханасында стационарлық емдеуде мектеп жасындағы 8 бала жатыр. Олар 5 қазаннан бері түскен. Бүгінгі күні денсаулықтары жақсарып келеді. Балалар өзін жақсы сезінеді. 10 күннен кейін қайтадан анализ алынып, біздің болжауымызша көп өтпей сауығып, ауруханадан шығарылып, амбулаториялық бақылауда болады», - дейді бас дәрігер.

Сәуле Нұрышеваның айтуынша, балалары ауруханаға түссе де, ата-аналар сабырмен қабылдап, ешқандай шу шығармаған.

«Бұл - вирусты инфекция. Кезеңі қалыпты деңгейде өтіп келеді. Күрделілік байқалмайды. Біздің стационарда осы жылдың ішінде 190-дай бала емделіп шықты. Бәрінің де ауруы асқынып кеткен жоқ, сауығып үйлеріне қайтты. Емдеу жұмыстары тиісті хаттамаларға сәйкес жүргізілуде. Сондықтан, уайымдаудың еш реті жоқ», - дейді ол.

Арухананың бас дәрігері менингитке шалдыққан балалардың ата-анасына өздігімен емдеу туралы шешім қабылдамауға кеңес берді.

«Менингиттің алғашқы белгілері - температураның 37,5-39 градусқа дейін көтерілуі, бас ауруы, құсуы және жүректің айнуы. Мұндай жағдайда баланы педиаторға немесе біздің стационарға апару керек. Біз ол баланы диагностика жүргізіп, ауруханаға жатқызамыз», - дейді ол.

Сәуле Нұрашева атап өткендей, қазір менингитпен ауруханаға түскен (1-7 сынып аралығындағы балалардың бәрі де қаланың әртүрлі мектептерінің оқушылары. Яғни, балалардың бір-біріне менингиттің жұғып, ауруханаға түсу жағдайы тіркелмеген.

«Бұл вирусты инфекция ауа тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады. Менингитке қатысты дүрбелеңнің неліктен туғанын түсіндіре алмаймын. Бұл біз үшін жыл сайынғы қалыпты құбылыс. Мысалы, менингитпен ауруханаға биыл түскендер былтыр түскендерге қарағанда көбейген жоқ. Сондықтан, дүрлігудің қажеті шамалы», - дейді Сәуле Нұрашева.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.