{metadescription}
Серік Қонақбаев АІВА президенті болуы мүмкін

Серік Қонақбаев АІВА президенті болуы мүмкін

Спорттық арбитраж соты (CAS) Қазақстан өкілі Серік Қонақбаевқа Халықаралық бокс қауымдастығының басшысы болуы үшін сайлауалды науқанын жүргізуіне рұқсат берді.

Оның кандидатурасы бойынша нақты шешім 30 қазан күні қабылданады. Бұл туралы Inside The Games порталы хабарлады деп жазады ҚазАқпарат

Бұрын Қонақбаев ұлттық федерациялардың жеткілікті мөлшердегі қолдау хатын жинай алмағандықтан, АІВА басшысы лауазымына үміткер ретінде тіркелмеген болатын. Ал сайлау жарысында жалғыз кандидат - ұйымның президенті міндетін атқарушы өзбекстандық Ғафур Рахимов қалған.

«Тыңдалым сайлау күніне тым жақын болғандықтан, маған сайлау науқанын жүргізуіме рұқсат етілді», - дейді Қонақбаев.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ақпаннан бері АІВА-ға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. ХОК АІВА-ның басқару, қаржы және допингке қарсы күрес жөніндегі баяндамаларына қанағаттанбаған болатын. Содан кейін АІВА-ның бұрынғы басшысы Чинг-Куо Ву отставкаға кетіп, ұйымның басшысы міндетін Ғафур Рахимов атқарып келген.

АІВА президенті сайлауы ұйымның 2-3 қараша күндері Мәскеуде болатын конгресі аясында өтеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.