{metadescription}
ВИДЕО: Сауль Альварес спорт тарихында рекордты келісім-шартқа отырды

ВИДЕО: Сауль Альварес спорт тарихында рекордты келісім-шартқа отырды

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы мен Бүкіләлемдік бокс жөніндегі кеңестің орташа салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес, DAZN стриминг қызметімен келісім-шартқа отырды. 

Келісім бес жыл бойы оның 11 жекпе-жегінің трансляциясын таратуға арналған. Бұл үшін 28 жастағы спортшыға жекпе-жектердің нәтижесіне қарамастан, кем дегенде, 365 млиллион доллар төленеді. 

Альварестің бұл келісім-шарты жалпы спорт тарихындағы рекорд. Ол 2014 жылы 325 миллион Miami Marlins-пен 13 жылдық келісім жасасқан бейсболист Джанкарло Стэнтонның жетістігінен асып түсті. 

DAZN шартының аясында Альварестің алғашқы жекпе-жегі 15-желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-да өтеді. WBA-ның орташа салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде ол британдық Роки Филдингпен кездеседі.

Альварес қоржынында 50 жеңіс, бір жеңіліс, екі тепе-теңдік бар. Соңғы матчта ол жерлесіміз Геннадий Головкинді жеңген болатын. Гена өз мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырап, барлық атақтарынан айырылды.

 

Кеше

21 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.