{metadescription}
Мемлекет оқытқан дәрігерлерді ауылдарға жібереміз - министр

Мемлекет оқытқан дәрігерлерді ауылдарға жібереміз - министр

 Келер жылдан бастап мемлекет есебінен оқыған дәрігер мамандар жұмыс істеу үшін ауылдарға жіберіледі. Олардың әлеуметтік жағдайлары жақсарып, жалақылары 20 пайызға көтеріледі.

Бұл туралы бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына жасаған сапары барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медицина қызметкерлерімен бас қосқан жиында министр дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыру, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мәселелерін сөз етті. Алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту қажеттігін жеткізді. 

Министрдің сөзінше, болашақта тұрғындарға дәрігерлер смартфондар арқылы кеңес беріп, ем қабылдайды. Келер жылдан бастап барлық жерде медициналық карталар мен азаматтар туралы ақпараттар, құжаттандыру электронды түрде жүргізіледі. Әрбір адамға электронды паспорт жасалып, медициналық есептер тек электронды түрде қабылданады. Емханалардағы жүктемелер дұрыс бөлініп, тұрғындарға жақын жерлерден учаскелік дәрігерлер қызмет көрсетпек. 

«Бүгінде бір учаскелік дәрігерге 2500-3000 адамнан қаралады. Болашақта ол жүктемені 1700-ге түсіруіміз қажет. Ары қарай 1500-ге жеткіземіз. Сонда Сіздердің қолдарыңыз босайды. Екіншіден, елімізде үлкен-үлкен емханалар салынып кеткен. Онда 30-40 учаскелік дәрігерден отырады. Ол жерге халық алыстан келуге мәжбүр болады. Уақыт жоғалтады, келуге қиналады. Сондықтан қалалық жерлерде учаскелік дәрігерлерді біріктіріп, халыққа жақын жерлерден қызмет көрсету жағын қарастырамыз. Бұдан былай үлкен емханалар салынбайды. Ол үшін жекеменшік әріптестік аясында жеке дәрігерлерді тартамыз. Сонда халық дәрігерге жиі қаралып, ауруларды бақылауға мүмкіндік аламыз»,-деді министр Елжан Біртанов.

Оның сөзінше, Елбасының тапсырмасы бойынша, бес жылдың ішінде жалпы ішкі өнімнің 10 пайыз қаражаты денсаулық пен білім саласына бөлінбек. 

«Ол біздер үшін өте үлкен қолдау болмақ. Біз бұл қаражатты ауылдық медицинаға, ондағы емдеу мекемелеріне бөлуіміз қажет. Керек деген заманауи медициналық құралдармен қамтамасыз етеміз. Арнайы стандарттар қабылданған ауылдық ауруханаларды жедел-жәрдем қызметімен қамтамасыз ету бойынша министрлік тарапынан қаражаттар бөлінеді»,- деді министр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде