{metadescription}
Пойыз мейрам тойлап жатқан халықты басып кетті, 61 адам көз жұмды

Пойыз мейрам тойлап жатқан халықты басып кетті, 61 адам көз жұмды

Қайғылы оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған.

Халық индуистердің басты мерекелерінің бірі - Дусшера, яғни мейірімділіктің зұлымдықты жеңу мейрамын тойлап жатқан. Пойыз адамдарды басып өтіп, салдарынан 60-тан астам адам қаза тауып, 100-ге жуығы жарақат алған.

Пойыз қаққанда жүздеген адам рельсте тұрып сайтандар королі Равананың бейнесіндегі қуыршақтың өртенгенін бақылап тұрған. Олар  лапылдай жанған отшашулардан қорқып, темір жолға жүгіріп шыққан болуы керек. Ал адамдарды қаққан машинист туралы ақпарат берілмеген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде