{metadescription}
Алматыда қонақ үй өртенді

Алматыда қонақ үй өртенді

Алматының Медеу ауданында «Парасат» қонақ үйі өртенді.

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік нөміріне 19 қазан күні түнгі сағат 22-13-тер шамасында Медеу ауданының Елебеков көшесінің бойында орналасқан 4 қабатты ғимараттың 2-ші қабатынан өрт шыққандығы туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 8 минуттан соң, сағат 22-21-де жетті, деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше «Парасат» қонақ үйінің 1-ші қабатынан қою түтін шыққаны, ал 2-ші қабатынан жалын байқалған.

«Мәлім болғанындай, 4 қабатты қонақ үйдің 2-ші қабатында екі нөмір мен дәліз өртенгені белгілі болды»,-деп қосты ресми өкіл.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрттің өзге бөлмелерге енуіне тосқауыл қойылды. Өрт сағат 22-34-те ауыздықталды, ал 00-11-де толықтай сөндірілді. Жалпын шарпыған аймақ 90 шаршы метрді құрады. Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде