{metadescription}
Ер адам қолтырауындар жүрген суға құлап кетті

Ер адам қолтырауындар жүрген суға құлап кетті

Цирк өнерпаздары қойылымдарында оқыс оқиғаға тап болды.

Қытайда қолтырауындармен бірге өнер көрсетіп жатқан кезде цирк өнерпаздарының бірі қолтырауындар жүрген бассейнге құлап кетті. Павильонда үш жаттықтырушы мен бір жүргізуші болған.

Жаттықтырушылардын бірі қолтырауынмен жұмыс жасап жатқанда, екінші біреуі суға құлап кеткен. Оқыс оқиғаны көрермендер видеоға түсіріп алған. Бассейнге құлап кеткен ер адам бірден судан секіріп шыққан. Алайда суда қанша қолтырауын болғаны белгсіз. Себебі көрермендер тек өнер көрсеткен біреуін ғана тамашалаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде