{metadescription}
ФОТО: Назарбаев, Мирзиёев, Путин Сарыағашта бас қосты

ФОТО: Назарбаев, Мирзиёев, Путин Сарыағашта бас қосты

Мемлекеттер басшылары Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында бас қосты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.