{metadescription}
Қызылордалық шахматшы әлем чемпионы атанды

Қызылордалық шахматшы әлем чемпионы атанды

Грекияның Халкидики қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қызылордалық Əсел Серікбай алтын медаль жеңіп алды.

Әсел Серікбай 16 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсті. Ол шахматтың блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинады. Осылайша, алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетелік, Әсел Серікбай бұған дейін жасөпірімдер арасында 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында дәл осындай биіктен көрінген еді. Әсел енді аталмыш жарыста классика бойынша бағын сынайды. Әлем біріншілігі 31 қазанда мәресіне жетеді. Жарысқа 40 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы қатысуда.

Ə.Серікбай 14-23 қараша аралығында Ташкентте 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Дүбірлі додада Əселмен бірге қызылордалық Назерке Нұрғали да (18 жас) ел намысын қорғайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде