{metadescription}
Данияр Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Данияр Елеусінов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

АҚШ-та Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі төртінші кездесуін өткізді.

Бокс кеші Бостандағы (АҚШ) TD Garden аренада өтті. Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі алты раундтық жекпе-жекте 27 жастағы отандасымызға америкалық боксшы Мэтт Доэрти (8-5-1, 4 КО) қарсылас болды. Жекпе-жектің бірінші раундында Елеусінов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

2 минут 33 секундтан кейін төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты. Осылайша Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

27 жастағы Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Келесі кездесуін 24 қараша күні Монакода өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде