{metadescription}
Керчьте қаза тапқан бойжеткеннің сүйіктісі терезеден секіріп кетті

Керчьте қаза тапқан бойжеткеннің сүйіктісі терезеден секіріп кетті

Керчьтегі қанды оқиғада қайтыс болған Виктории Демчуктің сүйіктісі көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, өз өміріне қол жұмсамақ болған.

Бойжеткеннің сүйген жігіті Армен Бадалян 20 қазан күні терезеден секіріп кеткен.  Жігіт әлеуметтік желідегі парақшасына 21 жастағы марқұм Викторияны сүйетінін жазған. Біршама уақыт өткен соң оның өзін өлтірмек болғаны белгілі болған. Жігіт аман қалды. Алайда оның омыртқасы сынған. Ауруханаға жеткізілген оған хирургиялық операция жасалды.

Еске салсақ, 17 қазан күні РФ Қырым Республикасының Керчь қаласындағы колледжде жарылыс болды. Колледжге қолына қару ұстаған 18 жасар жігіт жолында кездескендерге оңды-солды оқ жаудырған. Қанды қырғын ресми түрде лаңкестік әрекет деп танылды. Бұған қоса, Керчь колледжінде террористік шабуыл ұйымдастырған Владислав Росляков 1999 жылы американдық «Колумбайн» мектебінде орын алған қайғылы оқиғанын сценарийін қайталаған.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде