{metadescription}
Түркістандық әйел өз үйінде өртеніп кетті

Түркістандық әйел өз үйінде өртеніп кетті

Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 47 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

«20 қазан күні сағат 00:19-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбет датқа ауылындағы жеке үйдің өртенуі туралы ақпарат келіп түсті. Өртті сөндіруге 18 өрт сөндіруші мен 4 техника жіберілді. Өрттің жалпы аумағы - 120 шаршы метр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ресми хабарламаға сәйкес, тілсіз жау 01:18-де тоқтатылған және 03:20-да толық сөндірілген.

«Оқиға орнынан 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша өрт шылым шегуде қауіпсіздікті сақтамаудан тұтанған», - делінген хабарламада.  

Дереккөз: Қазақпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.