{metadescription}
Пойыз рельстен шығып кетіп, 22 адам қаза тапты

Пойыз рельстен шығып кетіп, 22 адам қаза тапты

Тайванның солтүстік шығысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады.

Салдарынан 22 адам мерт болып, 170-тен астамы жарақат алды. Тағы бірнешеуі үйінді астында қалуы мүмкін. Апат жергілікті уақытпен кешкі сағат бес шамасында, Тайпейден 70 шақырым жерде орын алған. 6432 теміржол экспресінің барлық жеті вагоны рельстен шығып кеткен. Деректерге сүйенсек, Тайпей-Тайтунг бағдарындағы пойызда  366 адам болған.

Тайвань темір жолы басшысының орынбасары Лу Чи-шен баспасөз мәслихатында пойыздың қолданысқа берілгеніне алты жыл, техникалық жағдайы жақсы екенін алға тартқан. Пойыздың рельстерден шығып кетуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз, бірақ куәгерлер жергілікті журналистерге қатты шу естіп, түтіндерді көргенін айтқан.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде