{metadescription}
Ер адам екі ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Ер адам екі ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

Оқиғаға тұрмыстық дау-жанжал себеп болуы мүмкін.

Ресейде 68 жастағы ер адам аңшы мылтығымен екі ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға Кемерово облысы Яшкинский ауданының Пача ауылында болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 68 жастағы ер адам, алдымен, асырап алған 42 жастағы ұлына, кейін 31 жастағы туған ұлына оқ атқан. Содан соң өзен жағасына барып, өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар ер адамның шолақ мылтықты қайдан алғанын анықтауда.  Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметіне сүйенсек, қанды оқиғаға тұрмыстық дау-жанжал себеп болған. Аталған фактіге қатысты "Екі және одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде