{metadescription}
Қарағандыда туысқаны 4 айлық сәбиді ұрып-соққан

Қарағандыда туысқаны 4 айлық сәбиді ұрып-соққан

Қарағанды қаласының балалар ауруханасына үсті-басы көгерген 4 айлық сәби түскен.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, баланы туысқаныұрып-соққан. Дәрігерлер төрт айлық сәбиге жедел бронхит, зәр жолдарының инфекциясы, ішек аурулары диагноздарын қойған. Бұл туралы Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қазіргі таңда баланың денсаулығы жақсарған. Көмек қолын созғысы келген азаматтар балаға киімдер, керек заттарын алып беруді жөн санаған. Бірақ облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, азаматтарға алғыс білдіріп, көмек алудан бас тартты.

«Біз - мемлекеттік ауруханамыз. Сәби барлық керек заттармен қамтылған », - дейді балалар ауруханасының реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Елена Кузьменко.

4 айлық сәбидің анасының туған әпкесінің азаматтық некедегі күйеуі қазір басты күдікке ілініп отыр. Ер адам сол күні мас болғаны айтылуда. Бұл кезде әпкесі қайда қарағаны, анасы қайда болғаны белгісіз.

«Көрші пәтерден кейде айғайлаған дауыстар естиміз. Ерлі-зайыптылардың өз балалары жоқ. Әйелдің өз сәбиін мас ер адам бар үйге тастап кеткені дұрыс болмаған», - дейді көршілері.

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде