{metadescription}
Павлодар облысында қоқыстан нәресте табылды

Павлодар облысында қоқыстан нәресте табылды

Қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледжің студенті екені анықталды.

 - Баланың салмағы 3450 келі, бойы 51 сантиметр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Баланың айы-күні жетіліп туған. Әйел үйде босанған. Қазіргі таңда ол қалалық аурухананың гинекология бөлімінде жатыр. Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Ефремовка ауылынан келген студент көктемде жігітін әскерге жіберген. Колледжде оқып жүрген кезінде тәтесімен және жездесімен тұрып жатқан. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 21-қазан күні жаңа туған сәбидің денесі табылған. Аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және тиісті сараптама тағайындалды.

- Баланың анасы кім екені анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда, - дейді ведомствода.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде