{metadescription}
Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамау мерзімі ұзартылды

Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамау мерзімі ұзартылды

Алматыда Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды  қамауда ұстау мерзімі 15 тәулікке созылды.

«Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілердің бірі ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1 тармағы бойынша айыпталған  Ж.Толыбаева қамауда тағы 15 тәулік, яғни  7 қарашаға дейін отыратын болды. Ал ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған А. Құдайбергенов 4 қарашаға дейін қамауда отыратын болды. ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясов та тағы 15 тәулік, яғни жарты ай қамауда болады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болған.

Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіліп, көз жұмды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.